Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл өңірінің жергілікті халқының жағдайы өте нашар. Шеттегі әлі ондаған, жүздеген үйлері бар ауылдарда: Төсқайың, Бұғымүйіз, Ұранқай, Ақжайлау, Қарашілік т.б. таза су құбырлары мүлде тартылмаған. Шекарадағы таулы аймақта жол жоқ. Жол болмаған соң, туристер де жоқ. Әлем жұрты қызығатын әдемі табиғаттың туристік потенциалы іске аспай тұр.Марқакөлдің жағасындағы 400 дей тұрғыны бар Ұранқай ауылының мектебі 2020-жылы оқытушы қауыпты деп, жабылып қалған. Жаңа мектептің құрылысы әлі басталған да жоқ. Халық балаларын оқыту үшін, көшіп жатыр. Аудан орталығына жету қиын. Соңғы 4-5 жылда жоғары жақтан келіп, күманды рұқсат құжаттар алып, таулардың, өзен сулардың астан кестеңін шығарып, тонап жатқан алтын қазғыштар көбейіп кетті. Үлкендері ЖШС"Кемп-Восток", ЖШС "Майнинг", ЖШС "Қазақмыс барлау", ЖШС"Сұңқар" бағалы қылқан жапырақты орманды алқапты табиғатқа үлкен зардап келтіріп, жойылу қауіпін төндіріп отыр. Халық соған алаңдаулы. Тоқтатуды талап етеді. Шегаралық өңірлерді дамыту бағдарламалары қағаз жүзінде де ғана қалып жатыр. Шегаралық ауданды қалпына келтіруді сұрайды. https://egov.press/1216-peticija-maraklge-audan-statusyn-talap-etemiz.html

Теги других блогов: туризм Қазақстан Марқакөл